АР13068626

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы ұлт құрылысы саясаты

2022-2024
Қазақстан тарихы, саяси ғылым
Сипаттама

Зерттеу объектісі – тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ұлт құрылысы саясаты мен тарихи саясаты, этникалық, азаматтық, ұлттық сәйкестіктер, Қазақстанның ірі қалаларындағы ескерткіштер мен көшелер. Зерттеудің мақсаты – кеңестік кезеңдегі және қазіргі кезеңдегі жады тәжірибелерін, коммеморативтік тәжірибелерді, тарихи саясатты зерттеу арқылы қазақстандық қоғамдағы ұлт құрылысы саясаты мен сәйкестендіру процестерін қайта ойластыру және қайта бағалау. Зерттеудің тұжырымдамалық негіздері ретінде ұлт құрылысы мен тарихи жады теориялары пайдаланылды. Зерттеуде тарихнамалық талдау, визуалдық талдау, сандық және сапалық мазмұнды талдау, ескерткіш орнатылған және көшелер қайта аталған адамдардың өмірбаянын талдау, социологиялық әдістер (жаппай сауалнама, фокус-топтар және сұхбат) қолданылды. Мақсат пен міндеттерді іске асыру келесі ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: 1) Тарихнамалық және дереккөздік база, соңғы зерттеу әдістері талданды. 2) Қазақстанның 17 ірі қаласында 1991 жылдан 2020 жылға дейін орнатылған ескерткіштер зерттелді (барлығы 226 ескерткіш). 3) Қазақстанның 17 ірі қаласында 1991–2020 жылдары қайта аталған көшелер зерттелді (15 мыңнан астам көше). 4) Қазақстан халқының тарихи жадын зерттеуге бағытталған социологиялық сауалнамалар жүргізілді. Жаппай сауалнаманың іріктемесі 1500 адамды, 30 терең сұхбатты және 7–10 респонденттен тұратын 7 фокус-топтық талқылауды (барлығы – 60 адам) қамтыды. 5) Ғылыми жобаның іске асырылу нысандары: жоғары рейтингті журналда 1 мақала жариялау (Scopus базасындағы CiteScore бойынша 68-ші перцентиль), КОКНВО ұсынған журналдарда 2 мақала, 1 ұжымдық монография.