BR21882225

Солтүстік Қазақстан тарихы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін

2023-2025
Деректанулар, Солтүстік Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы, түркі халықтарының тарихы
Сипаттама

Қолдану саласы: деректанулар, Солтүстік Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихы, түркі халықтарының тарихы. Жұмыстың маңыздылығы: Солтүстік Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тұтас тарихын жазуға бірінші рет талпыныс жасалатын болады. Зерттеу әдістері: классикалық тарихи әдістер (талдау, синтез, деректерге сыртқы және ішкі сын), популяциялық генетика әдістері. 2023 жылы күнтізбелік жоспарға сәйкес мынадай жұмыс түрлері орындалды: – Солтүстік Қазақстанның 4 облысынан кемінде 2010 ДНҚ үлгісі жиналды. – Солтүстік Қазақстан мен іргелес аумақтар бойынша палеоДНҚ деректер базасы қалыптастырылды. 2024 жылы мынадай жұмыс түрлері орындалды: Web of Science және/немесе Scopus деректер базаларынан екі мақала шығарылды. КОКСНВО талаптарына сай 5 мақала шығарылды. Солтүстік Қазақстаннан алынған 2010 үлгінің секвенстеуі жүргізілді. 2025 жылы мынадай жұмыс түрлері орындалды: Web of Science және/немесе Scopus деректер базаларынан 4 мақала шығарылды. КОКСНВО талаптарына сай 2 мақала шығарылды. Солтүстік Қазақстаннан алынған 2010 үлгінің секвенстеуі жүргізілді. Монография мен оқу құралы жазылып, жарияланды. Сондай-ақ 3 жыл ішінде 3 ғылыми конференция және бір ғылыми дөңгелек үстел өткізілді.